Қазақстандық конькимен жүгіруші Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 17:39 Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан "Күміс шар" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта топ жарды.

Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да бірінші болып мәреге жетті. Шешуші жарыста ол 9,56 секундта мәреге жетті.

Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук иеленді – 9,69. Ал Мац ван де Бос (Нидерланд) 9,82 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: