Қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 17:10 Сурет: olympic.kz
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз алтыннан алқа тақты.

Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (249,6 ұпай) бұйырды. Тағы бір қазақстандық Александр Филоненко 242,3 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: