Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды

Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 09:08 Сурет: olympic.kz
Қазақстан тректегі велоспорттан Тагайтайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Отандастарымыз жасөспірімдер арасында өткен мэдисон жарысында топ жарды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Тайбэй иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлқанова жасөспірімдер арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: