Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 18:21 Сурет: olympic.kz
Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды.

Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша, Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.

Айта кетейік, тағы бір қола жүлдені мысырлық Ахмед Хешам иеленді. Ол жартылай финалда америкалық Уильям Морилудан жеңілді. Фуркан Яман (Түркия) жарыс жеңімпазы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: