Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
Сурет: ktf.kz
Ол тарихи матчта US Open турнирінің экс-чемпионы Бьянка Андреескуды жеңді. Матч есебі: 7:6 (7:5), 3:6, 7:6 (7:4). Қос құрама көшбасшыларының кездесуі 3 сағат 39 минутқа созылып, нағыз теннис триллеріне айналды. Бұл ойын екі теннисшінің де кәсіби мансабындағы ең ұзаққа созылған матч ретінде тарихқа енді.
Бьянка Андрееску кортқа жұптық сыннан кейін бірден шыққанына қарамастан, айтарлықтай қарсылық көрсетті. Бұл бәсеке төзімділік сыналған шахмат партиясын еске түсірді: әрбір гейм ұзаққа созылған ұтыстармен өтіп, жеңіс таразысы соңғы сетке дейін ауытқып тұрды. Шешуші сәттерде Юлия Путинцева темірдей тәртіп пен физикалық төзімділік танытып, жанкүйерлердің зор қолдауымен қарсыласын қапы қалдырды.
Енді ұлттық құрама жылдың басты додасына дайындалады. Әлемнің ең үздік 8 командасы бақ сынайтын Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі 2026 жылдың күзінде Қытайда өтеді.
Қазақстан – Канада матчының нәтижелері (3:1):
- Юлия Путинцева – Кайла Кросс – 6:3, 7:5;
- Соня Жиенбаева – Бьянка Андрееску – 4:6, 6:7;
- Анна Данилина / Жібек Құламбаева – Бьянка Андрееску / Кайла Кросс – 7:5, 6:1;
- Юлия Путинцева – Бьянка Андрееску – 7:6, 3:6, 7:6.