Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта жеңілді

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 19:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан IB дивизионындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші кездесуде қазақстандықтар Нидерланд құрамасына қарсы мұз айдынына шықты.

Бұл ойында қарсылас команда басым түсіп, матчты 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойында да ұтылды. Бұған дейін біздің хоккейшілер Латвияға буллит сериясында есе жіберген болатын.

Келесі матчта ұлттық құрама Испаниямен ойнайды. Ойын 15 сәуірге жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: