Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 18:07 Сурет: ҚР ҰОК
Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, бұл жолы отандастарымыз Польша құрамасымен ойнады. Алғаш болып қарсыластар есеп ашқанымен, қазақстандық хоккейшілер жауап ретінде екі шайба соқты.

Екінші кезеңде екі команда да бір-бір шайбадан енгізді. Ал үшінші кезеңде біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына жауапсыз жеті шайба соғып, матчты 10:2 есебімен ірі жеңіспен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті. Бұған дейін олар Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын.

"Келесі ойында Максим Худяков шәкірттері 21 сәуірде Украина құрамасына қарсы мұз айдынына шығады. Кездесу сағат 19:00-де басталады".Ұлттық олимпиада комитеті

Бұған дейін Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: