Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 19:50 Сурет: olympic.kz
Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алидар Әбдукәрімов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін ұлттық құраманың еншісіндегі жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: