Қазақстандық спортшы Өзбекстандағы әлем чемпионатында медаль қорын толықтырды

Қазақстандық спортшы Өзбекстандағы әлем чемпионатында медаль қорын толықтырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 20:26 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін), Ислам Медетбай (55 келіге дейін) және Алидар Абдукаримов (68 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Бұған дейін Қытайда қазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: