Қытайда қазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанды

Қытайда қазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 18:56 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.

Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Бұған дейін Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: