Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2026 09:52 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті.

Қайролла финалдық белдесу барысында басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Жалғас Қазақстан құрамасына төртінші жүлдені сыйлады. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: