Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде "алтынға" таласады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында өнер көрсетіп, алтын медалға таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында командаласы Досхан Жолжақсыновтан басым түсті.
Жалғас ақтық сында молдовалық спортшы Петру Пеливанмен күресті.
Ал Досхан Жолжақсынов бразилиялық Дэвид Лимамен қола жүлдені өзара сарапқа салады.
Сондай-ақ 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин жартылай финалда ресейлік Данил Лаврентьевке жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін өтетін белдесуде молдовалық Влад Митрумен күш сынасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript