Аңсарбек Ғайнуллин дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Аңсарбек Ғайнуллин дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2026 14:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғайнуллин молдовалық Влад Митрудан басым түсті.

"Бүгінгі жарыстың атмосферасы ерекше болды. Қолдау білдірген барша көрерменге және бапкерлеріме шынайы алғысымды айтқым келеді.

Бұл менің осындай деңгейде өткен жарыстағы алғашқы жүлдем. Ұлттық құрама сапында жүргеніме жеті-сегіз жыл болды. Осы уақытқа дейін жүлде бұйырмай жүрген еді. Бүгін қола медаль жеңіп алдым. 

Моңғолиялық спортшымен болған белдесу өте ауыр өтті. Сол кездесу көп күшімді алып қойды. Бірақ, сол-себепті жартылай финалда ұтылып қалдым деп сылтау іздегім келмейді. Бар күшімді салдым.

Қола медаль үшін өткен белдесудегі қарсыласым да осал емес. Бойы және аяқ-қолы ұзын болғандықтан, күрес барысында біраз қолайсыздық тудырды. Ал физикалық және техникалық жағынан өзімді жақсырақпын деп ойлаймын", - деді спортшы.

Еске салайық, бұған дейін Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: