Astana Half Marathon 2026: мерейтойлық бесінші жартылай марафонға 30-дан астам елден 7 000 қатысушы жиналады
Сурет: Almaty Marathon
Жарыс бағыты қаланың басты урбанистік жерлері мен елорданың көрнекті орындарын қамтиды. Іс-шараға жүгірушілер ғана емес, жанкүйерлер мен қала қонақтары да қатыса алады.
Қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан бастау алып, "Арқар" және "Сығанақ – Мәңгілік Ел" көпірлері арқылы өтеді. Бағыт бойында "Ақорда", Есіл өзенінің жағалауы, "Бәйтерек", Abu Dhabi Plaza және EXPO секілді елорданың көрнекті нысандары көрінеді.

Сурет: Almaty Marathon
Жарыс дәстүрлі түрде төрт қашықтықты ұсынады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Ekiden командалық эстафетасы. Ұйымдастырушылар кәсіби спортшыларды да, әртүрлі жастағы әуесқой жүгірушілерді де қатысуға шақырады.
"Бес жыл бұрын "Бірінші болу – батылдық" қоры елордада жүгіру мәдениетін дамыту және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында алғашқы Astana Half Marathon жарысын ұйымдастырды. Осы уақыт ішінде жарыс қаланың ең ірі спорттық оқиғаларының біріне айналып, Қазақстанның түрлі өңірлері мен шетелдерден келетін қатысушылар санын арттырды. Әлемнің барлық ірі астаналарында жүгіру мәдениеті дамыған. Биіктік айырмашылығы аз, жазғы ауа райы қолайлы және логистикасы ыңғайлы Астананың халықаралық жүгіру жарыстары мен спорттық туризмді дамытуға толық мүмкіндігі бар", – деді "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Сурет: Almaty Marathon
Белгіленген уақыт шектеуі ішінде мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік мәреші медалі табысталады.
"Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының жарыстары – Қазақстанда Халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енген жалғыз жарыс. Бұл қауымдастық әлемнің 115 еліндегі 445-тен астам жарысты біріктіреді. Мұндай мәртебе ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және халықаралық стандарттарға сай келетінін дәлелдейді. Жартылай марафон трассалары World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған.

Сурет: Almaty Marathon
Сонымен қатар жартылай марафон аясында Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп, 21,1 км қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушы – 2012 жылдан бері Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп келе жатқан және жыл сайын 10-ға дейін спорттық іс-шара өткізетін "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры.
Сондай-ақ 2026 жылғы 27 қыркүйекте мерейтойлық 15-рет өтетін Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы – Almaty Marathon-ға тіркелу жалғасуда. Марафонға almaty-marathon.kz сайтында тіркелуге болады.

Сурет: Almaty Marathon
Astana Half Marathon Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Astana Half Marathon-ның бас серіктесі – Halyk Bank.
Жарысты ұйымдастырушылар: "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры, "Krida" фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Серіктес материалы