Армения мен Мажарстанға қарсы ойында Қазақстан құрамасының сапында кімдер ойнайды - тізім

Армения мен Мажарстанға қарсы ойында Қазақстан құрамасының сапында кімдер ойнайды - тізім , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 14:36 Сурет: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы Армения және Мажарстанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан құрамасы 6 маусым күні Арменияға, 9 маусымда Мажарстанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Талғат Байсуфинов бұл жолы өз тізіміне 25 футболшыны енгізді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе") және Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Нұралы Әліп ("Зенит"), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де" Қайрат"), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де "Астана"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Арсен Аширбек ("Елімай"), Санжар Шайтанов ("Атырау") және Сағи Совет ("Қайсар").

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Елімай"), Жасұлан Әмір ("Ордабасы"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхамед Қараман ("Астана"), Серікжан Мужиков ("Жетісу") және Абинур Нұрымбетов ("Оқжетпес").

Шабуылшылар: Дастан Сәтбаев ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де "Ахмат"), Ислам Чесноков ("Хартс"), Роман Мұртазаев, ("Елімай"), Мағжан Тоқтыбай ("Ордабасы") және Мақсат Абраев ("Астана").

Бұған дейін шағын футболдан Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: