Қазақстандық жас теннисші мансабындағы екінші ITF Juniors титулын жеңіп алды

Қазақстандық жас теннисші мансабындағы екінші ITF Juniors титулын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 14:40 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Испанияда мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60 Les Franqueses del Vallès) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен додада отандасымыз жоғары шеберлік танытты.Жарыстың 5-ракеткасы болып бағаланған 16 жасар теннисшіміз турнир кестесінде сенімді өнер көрсетті.

Ол кортта өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал шешуші бәсекеде Томирис Нұржанға турнирдің 6-ракеткасы, корт қожайыны испаниялық Лилиана Четри Родригес қарсы тұрды.

Алғашқы сетте есе жібергенімен, Томирис ойын ағымын өз пайдасына бұра білді және үш партияға созылған тартысты кездесуде жігерлі жеңіске жетті. Финалдық матчтың қорытынды есебі: 4:6, 7:6, 6:2

Бұл табыс Томирис Нұржанның биылғы маусымдағы және мансабындағы ITF Juniors сериясы бойынша екінші жүлдесі. Еске сала кетейік, ол өзінің алғашқы трофейін сәуір айының басында Алжирде өткен дәл осындай J60 санатындағы турнирде еншілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: