Заңғар Нұрланұлы "Ролан Гарростың" екінші айналымында америкалық теннисшімен кездеседі
Сурет: ktf.kz
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты.Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.
Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде қазақстандық теннисші Агасси Рашермен (АҚШ) кездеседі.
Матч бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 17:25-те басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript