Рыбакина Берлиндегі беделді турнирге қатысады
Сурет: j48tennis
Германияның Берлин қаласында WTA 500 санатындағы шөп төсенішіндегі турнирдің жекелей сындағы жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, турнирге WTA рейтингінің көшбасшылары – Беларусь өкілі Арина Соболенко мен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысады.
Соболенко мен Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.
Соболенко алғашқы матчында Екатерина Александрова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Ал қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін Донна Векич пен Александра Эала жұбының мықтысына қарсы өткізеді.
Берлиндегі турнир 15-21 маусым аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript