Нұрбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіліп қалды

Нұрбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 20:40 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы жеңіліп қалды. Тимур Қабдешов (55 келіге дейін) пен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) турнирдегі өнерін аяқтады.

Қабдешов бразилиялық Келви Триндадиден жеңілді. Ал Нұрбек Оралбай ширек финалда әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевқа есе жіберді.

Назым Қызайбай (54 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Им Эджиден басым түсті. Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) әзербайжандық Малик Хасановты жеңді. Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ирландиялық Тиг О’Доннеллден мықты болды.

Ал Лаура Есенгелді (70 келіге дейін) Испания өкілі Дуния Мартинес Масты сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: