Бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионаты: Қазақстан құрамасы белгілі болды
Сурет: olympic.kz
Жапонияның Яцусиро қаласында өтетін бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы Азияның командалық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлық біріншілігінде ел намысын Арнұр Тәпішев, Мұстафа Мәлікжан, Тимур Бұрханов, Диана Нәменова және Алиса Кулешова қорғайды.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С тобына түсті. Топтық кезеңде қазақстандық спортшылар Үндістан, Тайбэй және Филиппин құрамаларымен кездеседі.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 25 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript