Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 17:12 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы шешуші кезеңге дейін жетті. Финалда оған Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абе қарсы тұрды.

Белдесуде жапон спортшысы жеңіске жетті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов қола медаль үшін белдесті. Алайда Олимпиада чемпионы Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңіліп, жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: