Zakon.kz журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Zakon.kz журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 13:08 Сурет: ktf.kz
Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, PR-индустриясы және баспасөз қызметтері күніне арналған дәстүрлі әуесқойлар арасындағы BAQ Open турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, биылғы жарысқа елдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының 50-ге жуық өкілі қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар топтарда айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп, кейін үздіктер плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш санат бойынша: әйелдер арасында, сондай-ақ ерлер арасындағы "Мастерс" және "Фьючерс" дивизиондарында анықталды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Әйелдер

  • 1-орын — Марина Андреева (Qsport);
  • 2-орын — Асыл Әбдіқадырова ("Хабар" телеарнасы);
  • 3-орын — Галина Выборнова ("Комсомольская правда") / Аяулым Ералинова (Fonteam).

Ерлер ("Мастерс")

  • 1-орын — Қуандық Шынасылов (Zakon.kz);
  • 2-орын — Айдын Түсіппов (блогер);
  • 3-орын — Богдан Грушевский ("Кинопоиск").

Ерлер ("Фьючерс")

  • 1-орын — Байрам Азизов (Kcell компаниясының PR бөлімінің жетекшісі);
  • 2-орын — Сәби Байбосынов (деректі фильм режиссері);
  • 3-орын — Жомарт Сайынов ("Яндекс" блогері).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: