Рыбакинаны ұтқан Мертенс матчтан кейін не деді

Мертенс Рыбакинаны сенсациялық түрде жеңгеннен кейін пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2026 15:18 Сурет: highimpactathletes.org
Бельгиялық теннисші Элизе Мертенс әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаны сенсациялық түрде жеңгеннен кейін өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz жазуынша, кездесу екі сетке созылып, бельгиялық теннисшінің пайдасына 7:6 (7:4), 6:1 есебімен аяқталды. Қазір Элизе Мертенс WTA рейтингінде 27-орында тұр.

"Шынымды айтсам, сөзім жоқ. Алғашқы сетті өз пайдамызға шешіп, сол қарқынды екінші сетте де сақтай алғаныма өте қуаныштымын. Елена – керемет теннисші. Ол бұған дейін "Уимблдонның" чемпионы атанған, сондықтан мен үшін өте мықты әрі қауіпті қарсылас болды", – деді Мертенс матчтан кейінгі корттағы сұхбатында.

Осы жеңістің арқасында Элизе Мертенс "Уимблдон" турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: