U19 Азия чемпионаты. Алты қазақстандық боксшы 1/4 финалға өтті
Сурет: olympic.kz
Индонезияның Джакарта қаласында U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша U19 жас санатында алты қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.
Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) 1/8 финалдағы жекпе-жектерінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін) өз бәсекелерінде төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, ширек финалдық жекпе-жектер 9 шілдеде басталады.
Бұған дейін батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript