Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті

Семсерлесу, Үндістан, Азия чемпионаты, Қазақстан құрамасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 18:43 Сурет: olympic.kz
Бүгін, 19 маусымда Үндістанның Дели қаласында ересектер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты басталды. Чемпионат бағдарламасын ерлер арасындағы қылыш және әйелдер арасындағы рапира сайыстары ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені 1/8 финалға дейін жеткен үш спортшы көрсетті. Алайда олар бұл кезеңнен аса алмады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

София Актаева Оңтүстік Корея өкілі Мо Бёльге 4:15 есебімен жол берді.

Артем Сарксисян ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Гонконг спортшысы Чан Лон Хей Ройстан 12:15 есебімен жеңілді.

Ал Жанат Нәбиев қытайлық Шэнь Чэньпэннен 9:15 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.

Бақдәулет Құралбекұлы 1/32 финалда жарыс жолынан шықты. Назарбай Саттархан мен Алена Гноева 1/16 финалда тоқтаса, Алина Искандерова да өнерін 1/32 финал кезеңінде аяқтады.

20 маусымда Азия чемпионатында ерлер арасындағы шпага және әйелдер арасындағы қылыш сайыстарында жүлдегерлер анықталады.

Бұған дейін бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: