Венгриядағы рейтингтік турнир: Едіге Қасымбек финалға шықты
Сурет: United world wrestling
Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен рейтингтік турнир жалғасуда. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек финалға шықты. Ол алтын медаль үшін Польша балуаны Камиль Томаш Косьчолекпен белдеседі.
Бүгін, 16 шілдеде, Шамсат Таир, Нұрдәулет Қуанышбай (79 келіге дейін) және Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.
97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан жартылай финалға дейін жеткенімен, жарақатына байланысты белдесуге шыққан жоқ. Сондай-ақ ол қола медаль үшін өтетін белдесуге де қатыспайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript