Испания – Аргентина матчының бас төрешісі белгілі болды

Испания – Аргентина матчының бас төрешісі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 12:50 Сурет: әлеуметтік желі
17 шілдеде 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында өтетін Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы матчқа бас төреші тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) әлеуметтік желідегі X парақшасындағы ақпаратқа қарағанда, финалдық ойынды словениялық төреші Славко Винчич басқарады.

46 жастағы Винчичке отандастары Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич көмектеседі. Ал қосалқы төреші қызметіне иорданиялық Адхам Махадмех тағайындалды.

Сондай-ақ FIFA финалға төреші тағайындалған сәттен видео жариялады. Винчич өз есімін естіген кезде бетін қолымен жауып, көз жасын сүрткені көруге болады. Кейін ол жанында отырған әріптестерінің құттықтауын қабылдады.

Славко Винчич – 2010 жылдан бері FIFA төрешісі. Оның Еуропа чемпионаттарында (2020 және 2024 жылдары), сондай-ақ 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында жұмыс тәжірибесі бар.

Сонымен қатар ол 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы топтық кезең матчын басқарған. Бұл ойында аргентиналықтар күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

Винчич биылғы әлем чемпионатында үш кездесуде бас төреші болды:

  • Бразилия – Марокко (1:1);
  • Иордания – Алжир (1:2);
  • 1/16 финал: Мексика – Эквадор (2:0).

Осы матчтар барысында словениялық төреші жеті сары және бір қызыл қағаз көрсеткен.

Испания мен Аргентина арасындағы финалдық кездесу 19 шілдеде Нью-Джерсидегі "Метлайф" стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: