Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 21:15 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі сеяны болған қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама үшін әлемнің 81-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Бубликтің 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 9 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 12 эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Финал жолдамасы үшін Александр Бублик әлемдік рейтингте 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: