Қазақстандық шпагашылар Гонконгтағы әлем чемпионатының 1/8 финалында сынға түсті

Қазақстандық шпагашылар Гонконгтағы әлем чемпионатының 1/8 финалында сынға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 19:04 Сурет: olympic.kz
Гонконгта семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық жарыстар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 28 шілдеде, Қазақстан әйелдер құрамасы шпага сайысында 1/8 финалға дейін жетті. Отандастарымыз жарысты бірден 1/16 финалдан бастады. Ирина Бакалдина, София Николайчук, Дарья Самоделкина және Владислава Андреева Швеция құрамасын 39:38 есебімен жеңді.

Ширек финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қазақстандықтар Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты бәсеке 45:39 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ бүгін рапира бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы да сынға түсті. Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов және Тамирлан Қалиев алғашқы кездесуінде Қытай құрамасына 29:45 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: