Семсерлесуші Руслан Құрбанов әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Семсерлесуші Руслан Құрбанов әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 18:03 Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Құрбанов 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/16 финал кезеңіне дейін екі қазақстандық спортшы жетті. Алайда бұл кезеңде Вадим Шарлаимов бельгиялық Нейсер Лойолаға 8:15 есебімен есе жіберді.

Ал Руслан Құрбанов украиналық Роман Свичкардан 10:9 есебімен басым түсті.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Беларусь өкілі Марк Семоненкомен кездесетін болады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: