"Қайрат" құрамасы "Левски" командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды: Уразбахтин ойынға пікір білдірді

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:25 Фото: Zakon.kz
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Болгарияның "Левски" командасымен өткен кездесуге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раунды аясындағы алғашқы кездесуде алматылық клуб матчтың соңғы сәтінде гол жіберіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. "Левски" сапындағы Сержиньо 92-минутта жеңіс голын соқты.

"Қайрат" құрамасы "Левски" командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды: Уразбахтин ойынға пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:25

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty

"Әрине, матчтың соңғы минуттарында гол жіберіп алған өкінішті. Доп рикошеттен кейін қақпаға кірді. Бірақ енді қолдан келері жоқ. Алда қарымта матч бар. Өз алаңымызда бұдан да сапалы ойын көрсетіп, өзіміз үшін оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз", – деді Рафаэль Уразбахтин.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатының үзіндісін клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады. Жанкүйерлердің пікірінше, "сары-қараларға" кездесуді тең нәтижемен аяқтау үшін соңғы сәттерде сәл ғана жинақылық жетіспеген.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Левски" арасындағы қарымта кездесу 11 тамыз күні Түркістанда өтеді.

Бұған дейін жетекші футбол қауымдастықтары FIFA президентінің мерзімінен бұрын қызметтен кетуін талап етуде екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: