Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 442-сатысындағы болгариялық Изабелла Шиниковамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матч қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды — 7:6 (7:2), 3:6, 6:1. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді.
Осылайша, Соня Жиенбаева мансабында алғаш рет World Tennis W75 деңгейіндегі турнирдің чемпионы атанды. Бұған дейін ол W15 санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен. Жиенбаева бұл титулдарды 2024 жылы Мадрид пен Антальяда иеленген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript