Қазақстан су добынан Хорватияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын аяқтады
Сурет: olympic.kz
Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сингапур мен Уругвайды жеңіп, Мысыр және Түркия құрамаларына есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне өте алмай, сегізінші орыннан төмен орындар үшін күресті жалғастырды.
Қазақстан командасы алдымен Грузиядан 7:10 есебімен жеңіліп, кейін Канадаға 7:9 есебімен жол берді. Ал соңғы ойында спортшыларымыз Перуды 5:3 есебімен жеңді.
Нәтижесінде Қазақстан әлем чемпионатын 23-орынмен аяқтады.
Хорватия құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Испания күміс жүлдеге ие болса, Сербия үшінші орынға жайғасты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript