Қазақстандық ескекшілер Болгарияда өткен U19 әлем чемпионатында B финалында өнер көрсетті

Қазақстандық ескекшілер Болгарияда өткен U19 әлем чемпионатында B финалында өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 21:15 Сурет: olympic.kz
Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының сапында әлем біріншілігіне рульсіз жұптық қайықтар санатында Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев қатысты.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық ескекшілер өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Бұл оларға жартылай финалға жолдама алуға мүмкіндік берді. Екінші жартылай финалда Первушкин мен Ануприев алтыншы болып мәреге жетті.

Қазақстандық спортшылар жарысты В финалында жалғастырып, онда да алтыншы орынға тұрақтады.

Чемпионатта Румыния жұбы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Грекия, ал үздік үштікті Германия құрамасы түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: