Көптен күткен дүбірлі той: Роналду Джорджинамен шаңырақ көтерді
Сурет: instagram/GeorGinaGio
People басылымының жазуынша, неке қию рәсімі жеке әрі шағын форматта өткен. Оған ерлі-зайыптылардың бес баласы да қатысты.
Салтанатты шарадан кейін Роналду әлеуметтік желіде өздерінің неке жүзіктері тағылған қолдарының суретін жариялады.
Айта кетсек, әйгілі спортшы сүйіктісіне осыдан бір жыл бұрын – 2025 жылғы 11 тамызда үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы модель өзінің желідегі парақшасында ірі сопақ пішінді гауһар тасы бар жүзігін жариялай отырып хабарлады.
Cristiano Ronaldo finally weds Georgina
— Decency🩵 (@DecentChukkie) August 11, 2026
Big Congratulations to the greatest of all times 🐐 pic.twitter.com/HumjrPhO26
Бүгінде жұп бес бала тәрбиелеп отыр: 16 жастағы кіші Криштиану, 9 жастағы егіздер Ева Мария мен Матео, сондай-ақ 8 жастағы Алана және 4 жастағы Белла. 2022 жылғы сәуірде олар жаңа туған ұлы – Белланың сыңары – Анхельдің шетінеп кеткенін хабарлаған.
Роналду Родригеспен 2017 жылы танысты. Ол кезде Джорджина Gucci дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Көп ұзамай жұп көпшілік алдына бірге шыға бастап, кейін қарым-қатынасын әлеуметтік желіде ресми түрде растады.
Бұған дейін жазғанымыздай, 8 тамызда Криштиану Роналдуның мыңдаған жанкүйері Мадейра аралындағы Фуншал қаласындағы шіркеуге жиналды. Адамдар тобы онда сүйікті спортшысының үйлену тойы өтіп жатыр деген ойға келген. Осылайша, өзге жұптың мерекелік шарасының күл-талқанын шығаруға шақ қалды.