Ислам Махачев пен Иэн Гэрри UFC жекпе-жегі алдында көз арбасты

борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 14:53 Сурет: UFC.com
2026 жылдың 16 тамызында, Қазақстан уақытымен таңғы сағат 08:00-де АҚШ-тың Филадельфия қаласында ММА-ның биылғы маусымындағы ең қызықты жекпе-жектердің бірі өтеді. Онда ресейлік файтер Ислам Махачев пен ирландиялық Иэн "Мачадо" Гэрри кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың жекпе-жегі UFC 330 турнирі аясында өтеді. Бұл кездесуде "жартылай орта салмақтағы чемпиондық титул" сарапқа салынады. Жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда қос спортшы Филадельфиядағы әйгілі өнер мұражайының маңында орналасқан Рокки Бальбоа ескерткішінің жанында көз арбасу рәсімін өткізді.


Ислам Махачев пен Иэн Гэрридің жекпе-жегі алдағы турнирдің басты кездесуі болады. Бүгінде екі файтердің де кәсіби рекордында бір-бір жеңілістен бар.

34 жастағы ресейлік спортшының рекорды — 28 жеңіс, 1 жеңіліс.

Ал 28 жастағы ирландиялық файтер 17 жеңіске жетіп, 1 рет жеңілген.

Оның жалғыз жеңілісі 2024 жылдың желтоқсанында қазақстандық Шавкат Рахмоновпен өткен кездесуде орын алған.

Еске салайық, 9 тамызда UFC-де Қазақстан тағы да бір жеңісімен танылып, Дияр Нұрғожай қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: