Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль үшін күреседі

Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында қола медаль үшін күреседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 17:05 Сурет: UWW
Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатосты 8-1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Еркебұлан қола жүлде үшін өтетін белдесуде Иран спортшысы Амир Махди Саиди Навамен кездеседі.

Ал Бахтияр Казиев 130 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуйға 7-1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, финалдық кезең, бүгін 17 тамызда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: