Рыбакина Шнайдермен ширек финалға шығу үшін ойнайды

Елена Рыбакина, теннис, матч, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 11:18 Сурет: j48tennis
Бүгін, 2026 жылғы 19 тамызда Елена Рыбакина мен Диана Шнайдер Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығу үшін кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы WTA рейтингінде 14-орында тұр. Биыл екеуі сәуір айында Штутгарт турнирінде бір рет кездескен. Сол жолы 27 жастағы Рыбакина ресейлік теннисшіні 2:0 есебімен жеңген.

Елена Рыбакина, Диана Шнайдер, теннис, матч, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 11:18

Сурет: j48tennis

Теннис сарапшыларының пікірінше, 22 жастағы Диана Шнайдер алдағы кездесуге жақсы дайындықпен келеді.

"Матчтағы басты сұрақ – Шнайдердің Рыбакинаға артқы шепте өз ойынын таңуға, қарсыласын қосымша доп ойнауға мәжбүрлеуге және қателесуге итермелеуге қаншалықты қауқарлы болатынында", – деді сарапшылар.

Ойын Қазақстан уақытымен бүгін сағат 19:00-де басталады.

Еске салайық, Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінің төртінші айналымына поляк теннисшісі Магдалена Френхті жеңіп шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: