"Қайрат" бапкері "Андерлехттен" ірі есеппен жеңілгеннен кейін пікір білдірді

жанкүйерлер, Қайрат құрамасы, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 11:31 Сурет: Zakon.kz.
20 тамызда өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Еуропа лигасы матчында бельгиялық «Андерлехттен» ірі есеппен жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уразбахтиннің айтуынша, оның шәкірттері қарсыластың әлдеқайда жоғары деңгейдегі дайындығына тап болды. Ойын барысында жіберілген қателіктері үшін команда сөз естіді.

Қайрат құрамасы, қақпа, гол, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 11:31

Сурет: Zakon.kz.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатының видеосынан үзінді клубтың Instagram парақшасында жарияланды.

"Өкінішке қарай, бұл мүлде басқа деңгей. Осындай өрескел әрі ақымақ қателіктер жіберсең, әрине, қарсылас сені жазалайды. Қазақстан чемпионатында мұндай қателіктер үшін кейде ғана жазаға тартылуың мүмкін. Ал мұнда бірден жазалайды. Менің ойымша, голдардың бәрін өзімізге өзіміз әкелдік. Әрине, мұндай қарсыласқа қарсы құрамда ойнау қиын. Бірдеңе жасауға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, үшінші голды жіберген кезде, ойын біз үшін аяқталғандай болды. Сондықтан не бар, сол бар", – деді Уразбахтин.
Андерлехт-Қайрат, футбол, ойыншылар , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 11:31

Сурет: Zakon.kz.

Командалар арасындағы қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді. Оған дейін сары-қара түсті алматылықтар Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 23-турында Павлодардың "Ертісін" қабылдайды.

Айта кетейік, бельгиялық командаға қарсы матчтағы үш голдың барлығы бірінші таймда соғылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: