Уразбахтин "Қайраттың" Конференция лигасына қатысуы туралы пікір білдірді

Уразбахтин «Қайраттың» Конференция лигасына ауысуына қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 13:03 Сурет: Instagram/f.c.kairat
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта бельгиялық "Андерлехттен" жеңілгеннен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалар арасындағы кездесу Брюссельде өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

"Бұл жеңілісті қабылдау керек. Объективті түрде алғанда, қарсылас өте мықты. Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын. Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін. Біз үшін Конференция лигасы да жаман нұсқа емес. Былтыр Чемпиондар лигасында ойнадық. Журналист: "Енді сіздер жыл сайын Чемпиондар лигасында ойнайсыздар ма?" деп сұрады. Мен оған турнирдің қайсысы екені маңызды емес екенін айттым. Ең бастысы — қазақстандық командалардың халықаралық турнирлерге тұрақты түрде қатысуы. Егер Чемпиондар лигасы, Конференция лигасы немесе Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік болса, соның бәрі маңызды. Сондықтан, жалпы айтқанда, кез келген турнирде ойында болу керек. Бізге команданың дамуы және еліміздегі футболдың дамуы үшін аса қажет халықаралық тәжірибе жинау маңызды. Жалпы, бұл біздің жігіттер үшін жақсы мектеп. Бүгін алаңда бір мезетте Қазақстанның тоғыз ойыншысы болды. Сондықтан олар үшін бұл, әрине, баға жетпес тәжірибе. Осындай қарсыластармен осындай ойындардың арқасында біз күшейе түсеміз. Бұл біздің ұлттық құрамаларымыз үшін де үлкен плюс", – деді Уразбахтин баспасөз мәслихатында.

Енді "Андерлехт" Еуропа лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді, ал "Қайрат" Конференция лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Бұған дейін "Қайрат" пен бельгиялық "Андерлехт" арасындағы кездесудің қалай өткені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: