Дзюдодан Лозаннадағы Grand Slam турнирі: Шерзод Давлатов қола медалға таласады

Шерзод Давлатов, дзюдо, Лозанна, Grand Slam, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 19:29 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында оңтүстіккореялық Харим Лиге жол берді.

Осылайша Шерзод Давлатов қола жүлде үшін өтетін бәсекеде өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен күреседі.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чханен Кимге жол берді.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: