Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 20:10 Сурет: Asian cycling federation
Таиландтың Бангкок қаласында тректегі велоспорттан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшылар аталған бәсекеде жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Аружан Қабдулова із кесу сайысында, сондай-ақ ұпай үшін өткен жарыста жеңімпаз атанды. Мансұр Бралин кейринде топ жарды.

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтынды командалық спринтте үздік атанған Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин әкелді.

Жекелей спринтте Илья Куварин бірінші орын алды.

Ал Аружан Қабдулова скрэтчте, Виталина Хоружая ұпай үшін өткен жарыста және Зейнолла Азаматұлы із кесуде күміс медаль жеңіп алды.

Скрэтчте Виталина Хоружая мен Әлихан Жүнісов, ал жекелей спринттен Мансұр Бралин қола жүлдегер атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: