Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 15:23 Сурет: ҚР ҰОК
Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық комитетінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады.

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды. Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: