Қазақстан велоспорттан Азия кубогында төрт медаль жеңіп алды

Велодорожка, велосипед, знак велодорожки, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 09:57 Фото: Zakon.kz
Таиландта велоспорттан Азия Кубогы аяқталды. Қазақстандық спортшылар төрт марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК ақпараты бойынша, қазақстандық Максим Хорошавин жеке жарыста үшінші орын алды. Сондай-ақ, оның жетістіктерінің тізімінде омниумдағы "күміс" бар.

Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы жеке жарыста үшінші нәтиже көрсетті.

Спортшы Әлішер Жұмақан топтық ұпай жарысында тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ, 3 қыркүйекте Айбек Айтбеков пен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: