Ямаль мен Рафинья дубль жасап, "Барселонаға" қатарынан үшінші рет жеңіс сыйлады

Ямаль мен Рафинья дубль жасап, «Барселонаға» қатарынан үшінші жеңісті сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 15:34 Сурет: Instagram/FCBarcelona
2026 жылдың 31 тамызында Испания чемпионаты – Ла Лиганың үшінші турындағы матчтар аяқталды. Соңғы кездесуде "Барселона" өз алаңында "Райо Вальеканоны" 5:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтың басында каталондық команда қонақтарды қуып жетуге мәжбүр болды. 12-минутта "Райо Вальекано" ойыншысы Серхио Камельо есеп ашты.

Алайда бұдан кейінгі 10 минут ішінде "Барселона" есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Гол авторлары – Рафинья мен Ламин Ямаль.

Екінші таймда "Районың" ойыншылары екі гол соқты. Флориан Лежен допты өз қақпасына енгізсе, Камельо дубль жасады.

Дегенмен бұл күні "Барселонаны" тоқтату мүмкін болмады. Кездесудің соңғы 20 минутында Рафинья мен Ямаль тағы бір-бір голдан соғып, командасына жеңіс әкелді.

Осылайша, "Барселона" маусым басындағы үш кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 9 ұпаймен Ла Лига турнирлік кестесінде көш бастады.

Бұл ойында команданың көшбасшылары ерекше көзге түсті. Рафинья Испания чемпионатындағы үш матчта 6 (5+1) ұпай жинап, гол соғушылар тізімінде Килиан Мбаппеден (4) озып кетті. Сонымен қатар ол "гол+пас" жүйесі бойынша да көш бастап тұр.

Ал Ламин Ямаль өткен түні "Барселона" сапындағы елуінші голын соқты. Осылайша ол 19 жасында бұл межеге жеткен ең жас футболшы атанды.

Дарынды испаниялық ойыншы сонымен қатар Еуропаның үздік бес чемпионатында 50 гол соққан ең жас футболшы атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты басып озды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: