Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Вежбнада (Польша) ат спортынан Wierzbna Bialy Las халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері жарыста үш медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың шешуші күнінде қазақстандық спортшылар кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* конкурында бірінші және екінші орындарды алды.
Раиса Соколенко Chevalier атымен жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға Shenanigan атымен өнер көрсеткен Олег Соколенко жайғасты.
Үшінші орын польшалық Малгожата Кошуцкаға V-Querida of Vigo Z атымен бұйырды.
Раиса Соколенко бұған дейін де бір жүлде жеңіп алған. Қазақстандық спортшы Chevalier атымен кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* бәсекесінде күміс медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript