Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 15:23 Сурет: Instagram/bublik
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының дерегінше, екінші айналымда Бублик Франция өкілі Адриан Маннариномен кездесті.

1 сағат 22 минутқа созылған тартыста қазақстандық теннисші 6:3, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бублик 16 рет эйс жасап, үш рет қателікке жол берді. Сондай-ақ 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың біреуін де жүзеге асыра алмады.

Келесі айналымда Бублик Дино Призмич (Хорватия) пен Томми Пол (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде көш бастаған туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: