VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күні: Қазақстан қоржынында - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль

Самбо, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, үшінші күн, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 17:39 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 3 қыркүйекте осы сағатқа дейін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты: үш алтын медаль, екі күміс медаль және үш қола медаль, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында самбодан 98 келіден жоғарцы салмақта өнер көрсеткен Сапар Болат қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды.

"Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды. Айта кетейік, бұл — құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын", делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы құсбегіліктен кезекті алтын жүлдені қоржынға салды. Қаршығадан Серікболсын Жалғасұлы жоғары шеберлік танытып, алтын жүлдеге ие болды.

Бұл — атадан балаға жалғасқан ұлттық өнеріміздің биік деңгейін көрсететін жарқын жеңіс. Спортшымыз қазақ құсбегілігінің дәстүрін халықаралық аренада лайықты дәріптеп, ел мерейін үстем етті.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік спортынан да Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

  • Бүркіт бәсекесінде Қошқаров Арман шеберлігі мен тәжірибесін көрсетіп, күміс жүлдегер атанды!
  • Ителгі салу бойынша Бабажан Бағдаулет те екінші орынды иеленді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жарыстың үшінші күнінде самбодан сынға түскен қазақстандық қос спортшы қола медаль иегері атанды: 79 келі салмақта Нығметов Еркебұлан және 64 келі салмақта Бейсенбаев Жандос.

Сондай-ақ құсбегілік өнерінен, атап айтқанда ителгі бойынша саятшы Ерлан Кенжетаев та қола медаль иегері атанды.

Айта кетсек, 2 қыркүйекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 4 алты, 1 каүміс және 5 қола медаль еншілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: