WTA Рыбакинаның US Open турнирінде Стародубцеваға қарсы ойынына пікір білдірді
Сурет: Instagram/lenarybakina
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваны жеңгеніне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының жазуынша, ұйым қазақстандық теннисшінің соңғы кездегі жетістігіне назар аударған.
"Елена Рыбакина Нью-Йоркте қарқынын күшейтіп келеді. Ол Grandstand кортында тамаша ойын көрсетті", – деп жазды WTA редакторлары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Елена Рыбакина мен Юлия Стародубцева арасындағы матч қазақстандық теннисшінің пайдасына екі сетте аяқталды. Келесі айналымда Елена Жапония өкілі Наоми Осакамен кездеседі.
Рыбакина мен Осака арасындағы US Open матчы 7 қыркүйекке жоспарланған. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де.
Бұған дейін Бубликтың US Open турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript