Бауыржан Қази Қазақстанның ең атақты хоккей клубын басқарады

Бауыржан Қази Қазақстанның ең атақты хоккей клубын басқарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 15:04 Сурет: gov.kz
Қазақстан тарихындағы ең ірі әрі ең көп жүлде алған хоккей клубтарының бірі "Торпедоны" енді Бауыржан Қази басқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның клуб басшылығына тағайындалғанын "Торпедо" әкімшілігі 2026 жылғы 7 қыркүйекте хабарлады.


Бауржан Қази 1985 жылғы 17 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол кәсіби спорт, спорт менеджменті және әкімшілік басқару салаларында көп жылдық тәжірибеге ие.

Әр жылдары волейбол клубтарында басшылық және жаттықтырушылық қызметтер атқарып, Ұлттық лига командаларымен жұмыс істеген. Сонымен қатар спорттық және халықаралық шараларды ұйымдастыруға қатысқан. 2023 жылдан бері "Berel" кәсіпқой волейбол клубын басқаратын қоғамдық қордың жетекшісі.

Бауржан Қази "алғашқы әскери дайындық", "құқықтану" және "қаржы" мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Бұған дейін клубтың бірінші басшысы қызметін атқарған Виктор Николаевич Быстрянцев "Торпедо" құрылымында жұмысын жалғастырады. Ол спорт бағыты бойынша басшының орынбасары қызметін атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін "Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы ҚХЛ матчында "Сібір" командасын ірі есеппен жеңгені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: